- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Демалыс күндері ауа...
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
Синоптиктер Қазақстанның 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды. Негізінен құрғақ ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыста және батыста найзағай ойнап, жауын-шашын болуы мүмкін.
Т. Раушанұлы"Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта +23-35, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста + 28-39, шығыста +17-28 градус болады. Елдің батысында ыстық ауа райы сақталады, ал негізгі температура 33-41 градус", - делінген хабарламада.