Синоптиктералдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың болжамынша, Қазақстанның оңтүстік облыстарына Иран ауданынан белсенді бұлтты сілем жылжып, жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келеді. Суық фронттың өтуіне байланысты бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысында температура нормаға жақын болады деп болжанып отыр. Қазақстанның солтүстік жартысына антициклон тарамы жылжып келеді, оның ықпалынан жауын-шашын уақытша тоқтайды деп күтілуде. Батыс Сібірден келетін суық арктикалық фронттан кейін, тағы жаңбыр жауып, сулы қар түріндегі жауын-шашын болады. Батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 1-3 градусқа төмен болады. tengrinews.kz