- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Дауыл, қар: алдағы...
Дауыл, қар: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстандағы 28, 29 және 30 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы тәуліктерде болжам бойынша, солтүстік циклон және Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
“Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі тіркеледі. 28-29 қазанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ Республиканың басым бөлігіне тұман түседі", - делінген хабарламада.
Ауа температурасының ауытқуы салдарынан батыста түнде ауа температурасы - 5 градустан 8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 5 градустан 15 градусқа дейін жылы болады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде -8 градус аяздан +5 градус, күндіз +3 градустан +8 градус болады.
Орталықта түнде +10 градустан - 3 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0-ден 13 градусқа дейін жылы болады.
Шығыста түнде -7 -ден +5 градусқа дейін, күндіз 2 градустан 15 градусқа дейін жылы болса, оңтүстікте түнде -5, күндіз 7-15 градус болады.
Республиканың оңтүстік-шығысында түнде ауа райы аздап төмендейді, күндіз +10-15 жылы болады.
Т. Раушанұлы