Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.
Қазан шегелеу (салт). Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып, «Жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік»,- деп қонақжайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек, «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.
Қонақасы (дәстүр). Қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде, өзіне тиісті еншісіні «Бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын, мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алымтан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі – қонақасы болсын» деп әрауқты атамыз батасын берген екен.
Ғ. Аманованың «Халықтық педагогика-даналық мектебі» кітабынан алынған
Оқи отырыңыз:
1. Дәстүр сөйлейді. «Атбайлар» және «Аушадияр»
2. Дәстүр сөйлейді. «Біз шаншар» және «Қыз қашар»
3. Дәстүр сөйлейді. «Шаңырақ көтеру» және «Шаңырақ түйе»
4. Дәстүр сөйлейді. «Тобық тығу» және «Тобық жұту»
Сурет: islam-orkeniet.kz