Көпшілік жұрт Министрілеріміздің аты-жөнін естігені болмаса, толық мағұлматтарға қанық емес. Ұлт тізгінін ұстап отырған шенділердің қай жерде туып, қайда оқығанын туралы ақпараттарды топтастырды. Мархабат!
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
1959 жылғы 28 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (халықаралық экономикалық қатынастар), КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (сыртқы саясат және халықаралық қатынастар тарихы) бітірген. Ағылшын, хинди, урду және француз тілдерін меңгерген.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.
1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдады. Философия ғылымдарының кандидаты. «Экологиялық мәселелердің дүниетаным аспектілері» кандидаттық диссертациясының авторы. Саяси ғылымдар докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы — «Транзиттік саясат жүйелеріндегі әлеуметтік саясат».
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов — Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi
1957 жылдың 18 мамырында Алматы облысы, Іле ауданының Байсерке ауылында дүниеге келген.
1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Полиция генерал-лейтенанты
Берік Мәжитұлы Имашев — Қазақстан Республикасының Әділет министрі
1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып қызмет атқарған.
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
1974 жылы 17 сәуірде туған.
Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен қатар, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ).
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
1971 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.
Әсет Өрентайұлы Исекешев — Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.
1989 жылы Орал қаласындағы №5 арнайы кәсіби-техникалық училищесін радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін бітірген, шет елде тәжірибе алған.
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi
1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.
Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.
1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын (виолончель сыныбы бойынша), 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аспирантурасын тәмамдады.
2003 жылы «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша «Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Владимир Сергеевич Школьник — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
1949 жылы 17 ақпанда Ресей Федерациясының Мәскеу облысындағы Серпухов қаласында дүниеге келген.
1973 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын «Физика-энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы.
Ерболат Асқарбекұлы Досаев — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.
1987 жылы Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатты бітірген. Алматы энергетикалық институтын электронды техника инженері мамандығы бойынша, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова — Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі
1965 жылы 9 мамырда Шымкент облысы Созақ ауданының Жуантебе кеңшарында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Вена Біріккен институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған.
Талғат Советбекұлы Донақов — ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі
1965 жылы Семей облысында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясындағы Мемлекет және құқық институтының аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша — заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бар, ағылшын тілін меңгерген.
Дереккөз: ult.kz