- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Бұршақ жауып, күн...
Бұршақ жауып, күн күркірейді: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото:
pravda.com
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Бұл туралы Қазгидрометтің 10-12 мамырға арналған болжамында айтылды.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, сел болады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
А. Оралқызы