- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Бүкіл әлем Қазақстанға...
Бүкіл әлем Қазақстанға ат басын бұру үшін...
Дубай! Анталия! Париж! Малайзия! Кипр аралдары!
Неге Көкшетау, Каспий теңізі деп әлем аттарын атап тұрмасқа. Себебі Қазақстан туризм саласына келген кезде өз алдына ерекше үлгідегі дамуымен көзге түседі. Басты ерекшелік біздегі сақталған жәдігерлер мен тарихи мекендер, ескерткіштер одан қала берді «Ұлы Жібек жолының» батыс-шығыс қақпасына айналып үлгерген керуен жолы.
Қазақстанның туризм саласында алатын орны әлемдік ең мықты ондыққа кіруге мүмкіндігі бар. Туристерді қызықтыратын жасыл алқап пен айдын көлдар ғана емес, мәдениеті таңсық, ерекше, көненің көзі болатын ескерткіштер болуы да ғажап емес. Еуропа мәдениеті ежелгі грек пен римдіктердің жасаған мүсіндерінен «шаршады». Туристерге жаңа бағыттағы ізденіс керек. Ал сол ізденісті жасап беруге біздің еліміздің үлкен мүмкіндігі бар.
Батыс пен шығысы, солтүстік пен оңтүстігі қанша ма мың шақырымды алып жатқан, ұшқан құстың қанаты талатын Қазақстанның ұлан-байтақ даласы тұнып тұрған мәдениет ошағы. Айналасында елді-мекен жоқ жатқан даланың өзінде тарихи естеліктер мен ежелгі батырлардың, тайпалардың ізі бар.
Қазақстандағы туризм Ассоциасының мүшесі Родион Пактың айтуынша біздің елімізде ежелден қалған ескерткіштер көп. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстаннан өтуінің өзі мемлекет үшін маңызды. Себебі оның бойында орналақсан түрлі қалалардың мәдениеті сақталып қалған. Ал бүкіл әлемнің көшін қазақ еліне алып келу үшін үлкен инвестиция, инфрақұрылым керек. Ұзыннан-ұзын созылып жатқан далаға демалыс орындарын салу, қонақ үй, мәдени бағыттағы ескерткіштерді жаңғырту керек. Сонымен қатар әлемдік брендке айналған туристік бағыттағы сайттарға, газет-журналдарға елдің ішкі туризм саласы бойынша жарнама жүргізген тиімді.
Қазақстандағы дамушы туристік сала тауға шығу және Шымбұлақтағы шаңғы тебу демалыс орын. Шаңғы – әлемдегі сұранысқа ие, ең керемет спорт түрінің бірі. Еліміздегі Шымбұлақтың абыройы Еуропадағы шаңғымен айналысатын туристік орталықтармен бірдей. Егер Шымбұлақты әлі де дамытып, оған туристер тартатын болса, елдің туризм саласына Алматы қаласының өзі-ақ үлкен салым сала алады.
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытатын қалалар көп. Басты қалалардан бөлек турситер сырттан келе қалған кезде көзге түсетін елдің шекаралас жерде жатқан елді-мекендерге жағдай жасай отырып, солар арқылы елге туристерді әкелуге болады.
М. Ақан