Елбасымыз Н. Назарбаев "Арқанкерген" шекара бекетіндегі қазақстандық шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты елімізде 2012 жылғы 5 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Алматы облысы, "Арқанкерген" шекара бекетінде мамыр айының 27-сінен 28-іне қараған түні 15 адам (14 шекарашы мен бір қорықшы) қаза тапқан еді. Қазақстанның әр өңірінен келген шекарашылар бір түнде өртке оранып, күл болып жанып кетті.
Бүгін республикалық БАҚ-тарда көңіл-күйді көтеретін ақпараттар, әңгімелер жарияланбайды. Барлық мемлекеттік мекемелердің маңдайшасындағы тулар түсіріледі.
Массагеткз ұжымы қайғы жамылған халыққа көңіл айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз