- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Бүгін – ҚР...
Бүгін – ҚР Конституциясы күні
Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толды. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады.
Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Еліміз тарихында конституция 5 рет қабылданған:
♦ Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл;
♦ Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл;
♦ Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл;
♦ Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл;
♦ Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ата заңды қазақстандықтардың 89 пайызы қолдап дауыс берді. Онда Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланды.
А. Оралқызы