- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Бүгін - Қазақстанның...
Бүгін - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
Массагет ұжымы барша қазақстандықтарды еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!
Елбасының өмір жолын қысқаша айтып өтсек, Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінде Қазақ КСР президенті болып сайланды.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті.
Содан бері Қазақ елінің мызғымас беріктігін сақтауда тер төгіп еңбек етіп келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан үшін маңызы зор болып саналатын мыңдаған заңдарға қол қойып, жүздеген ірі істердің атқарылуына мұрындық болды. Саясаткер ретінде әлем таныған тұлғаға айналып, алыс-жақын шетелдермен бейбіт қарым-қатынас орнатты.
Тұңғыш Президент күнінде әр шаңыраққа бақыт, денсаулық, береке, шаттық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Отанымызда орнап тұрған бейбітшіліктің іргесі сөгілмесін!
Тәуелсіздік алып, қанатын кең жайған елімізді алға сүйреп, оның дамуын өмірінің мәні еткен Президентіміздің өмір жасы ұзақ болсын!
Материалға kk.wikipedia.org-тан алынған ақпараттар пайдаланылды
Сурет: about.kz