Екінші маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп,шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады. Жамбыл облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрді болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы секундына 30 метр және одан да күшті жел соғады. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде ол 23-28 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20 метр болмақ. Ақмола, Павлодар облыстарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал күндіз басым бөлігінде 15-20 метр болады Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Дереккөз:baq.kz