- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Бір жылда 6,5...
Бір жылда 6,5 миллион адам Алматы метросының жолаушысы атанған
Осыдан бір жыл бұрын, 1 желтоқсанда Алматыда Қазақстандағы алғашқы метро іске қосылған еді. Метроны бір жылдығымен құттықтауға келген қала әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде метроға күн сайын 20 мың адам түсетінін айтып өтті. Бұл көрсеткіш күн санап өсіп келеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Сондай-ақ метрополитен бас инженері Айдын Оразхановтың айтуынша, өткен жылдың 1 желтоқсанынан бері, яғни бір жыл ішінде Алматы метросының қызметін 6,5 миллион адам пайдаланған.
Метроның бір жылдығына арналған мерекелік шарада "Метро балалар көзімен" атты жас суретшілер конкурсының қорытындысы да жарияланды. Конкурсқа мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: bigazinov.kz
Б. Қосмағамбет