Қазақстанның тоғыз облысында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
31 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде аздаған қарлы боран соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде – тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
31 қаңтар - 1 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аймағында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.