- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Боран соғып, қар...
Боран соғып, қар жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, арты сулы қарға ұласады.
"Жаңа жер циклонының әсерінен республиканың солтүстік өңірлерінде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны әсеріннен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып отыр", - делінген метеорологиялық қызметтің хабарламасында.
25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ауа райын, Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын өтетін атмосфералық фронтальді бөлімдер анықтайды, республиканың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Т. Раушанұлы