- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Боран, көктайғақ, қар:...
Боран, көктайғақ, қар: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер елімізде 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстандағы алдағы үш тәулікте ауа райы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты фронтальды аймақтарға байланысты анықталады.
"Батыстан шығысқа қарай жылжыған циклонды ойпат республиканың барлық дерлік облыстарын қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын және қар, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.
Батыста ауа температурасы түнде - 5 градус аязға дейін суытады, күндіз 10 градусқа дейін жылынады;
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында - 10 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жылынады;
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - 10 градус аяз, күндіз + 10 градус болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Т. Раушанұлы