- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Боран, жаңбыр: Демалыс...
Боран, жаңбыр: Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото:
Yernar Almabek
Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпан күндері Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Елімізде демалыс күндері ылғалды ауа массалары мен солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды болады.
"Ылғалды ауа массасы Қазақстан аумағы арқылы қозғалысын жалғастырады. Батыстан шығысқа қарай жылдам ауыса отырып, республиканың барлық дерлік аймақтарында жауын-шашын болады. Әзірге еліміз азаматтары көктем иісін сезіне алмайды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазгидромет ақпан айы бойы қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын. Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Синоптиктердің айтуынша, ақпан айының бірінші онкүндікте күн суытады.
Т. Раушанұлы