Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

265 мыңнан астам қазақстандық бірінші сынып оқушылары үшін бүгін алғашқы қоңырау соғылмақ деп хабарлайды zakon.kz. Тәуелсіз Қазақстанда бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 20 қаңтарында қабылданған бұйрығымен тойланып келеді.

Жаңа оқу жылында республика мектептерінде 2,5 млн. астам оқушылар білім алады, 292 мыңға жуық ұстаздар жұмыс істейтін болады. Мектептерге 9 600 жас маман қабылданған, соның ішінде 3 691 ағылшын тілі мұғалімі. Осы жылы 1 қыркүйектен балалар ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқиды. 

1 қыркүйекке республика бойынша 77 жаңа мектеп пайдалануға берілген. 2013 оқу жылында тағы 159 мектеп ашу жоспарда тұр, бұл апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді 1,6 есе қайта қарауға мүмкіндік береді. 

Барлық оқушылар үшін 1 қыркүйек - бұл мереке. Салт бойынша оқу жылы «линейкамен» басталады, кейін әр сыныпта Білім сабағы, Денсаулық сабағы, Қауіпсіздік сабағы өтеді. Жоғары оқу орындарында әдетте бірден сабақ басталады. Бірінші курсқа түскен студенттер жаңа мұғалімдерімен, курстастарымен танысады.

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті болсын!

Сурет: tn.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

 

A. Mustafina