Ғаламшарымызда белгіленген аймақ пен табиғи зоналарда флора мен фаунаның бірнеше түрі тіршілік етеді. Олардың өздеріне ғана тән өмір сүру қағидалары бар: бірі құрғақ климатқа бейімделсе, енді бірі суық аймақтарда ғана тіршілігін жалғастыра алады. Жер ғаламшарындағы барлық тіршілік иесінің өмір сүруге бейімділігі 4 миллиард жыл бойына қалыптасқан. Дегенмен, соңғы уақытта жиі сөз етілетін жаһандық экологиялық мәселелер биоалуантүрліліктің қысқаруына әкелді. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізіп, оларды қорғау шаралары белсенді түрді іске кірісе бастады.Биоалуантүрліліктің қысқаруына не себеп?Жануарлардың түрі мен өсімдіктер классының азаюына себеп әр түрлі: оған тікелей әрі жанама түрде адам факторының қатысы бар: Ормандардың үздіксіз шабу; Адамдардың тұрғылықты ортасы артуы (қала, аудандар мен ауылдардың аймағы артуда); Атмосфераға улы газдардың бөлінуі; Табиғи аймақтарды ауыл өнеркәсібіне айналдыру; Егін егуде химиялық қоспалардың қолдануы; Су қоймалары мен ауыз судың ластануы; Жолдардың салынуы; Өмір сүруге табиғи аймақты қажет ететін халықтың артуы; Аң аулау; Экожүйенің бұзылуы; Адам қолымен жасалған экологиялық апаттар; Туризм.Биоалуантүрліліктің маңызы:Жануарлар, өсімдік пен микроағзалар табиғаттың бір бөлшегі ғана емес, олардың генетикалық, экономикалық, ғалыми әрі мәдени, қоғамдық, рекреациялық, бастысы экологиялық маңызға ие.Қазақстан аумағында сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, ал балықтардың 150 түрі мекен етеді. Бүгінде Қызыл кітапқа өсімдіктің 387 түрі, жануарлардың 120-дан астам түрі енген.Киіктер популяциясының 95 пайызы Қазақстанға тиеслі. 1991-1999 жылдараралығында елдегі 1 миллион 200мың киіктің саны 150 мыңға жеткен. Ал 2003 жылы бұл көрсеткіш небәрі21 мыңға тең болған. Қазақстанда жоғалу қаупі бар жануарлар, өсімдіктер және құстар тізімі қандай?1. Арқар 2. Дуадақ 3. Қар барысы 4.Қызғалдақ5.Сілеусін Қазақтанда биоалуантүрлілікті сақтау үшін қандай шаралар жасалып жатыр?2004 жылдан бері Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясы жұмыс істейді.Басты мақсаты:Қазақстанның табиғатын қорғаумен қатар, ғылыми тұрғыда биоалуантүрлілікті сақтау және ұлтаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орната отырып, табиғатты қорғау бағытында қызмет ететін мамандарды дайындау.2016 жылы ассоцияның клубтық жүйесі дами бастады: Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде 5 клуб жұмыс істейді. Олар түрлі шаралар ұйымдастырып қана қоймай, бір мақсатта қызмет ететін адамдардың басын қосады. Еріктілер де белсенді атсалысады.Сіз өз еліңіздің табиғатын қорғау үшін не істедіңіз?