Бейсенбі, 10 қаңтар күні Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек қана Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанда ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау мен Алматы облыстарының кейбір аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Ал шығыста ол секундына 28 метр болады.
Шығыс, Солтүстік, Атырау, Қостанай облыстарында боран соғады деп күтілуде. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарында тұман түседі. Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда көктайғақ болмақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: newsvo.ru