Белгіленбеген орынға қоқыс төккені үшін қанша айыппұл салынады?

Белгіленбеген орынға қоқыс төккені үшін қанша айыппұл салынады?
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша үнемі алдын алу іс-шараларын жүргізіп отырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бұзушылықты анықтау тәсілдері әртүрлі: учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді аралап тексеру кезінде, сонымен қатар жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізу барысында анықтайды, сондай-ақ қоғамдағы құқық бұзушылықтар мен келеңсіздіктерге бейжай қарамайтын азаматтар "102" пультіне немесе "109 Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоқыстар (құрылыс қоқыстары, тұрмыстық қоқыстар және т.б.) Алаш тасжолының бойында орналасқан "Эко полигон" ШЖҚ МКМ аумағына шығарылуы тиіс. 

Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі қоқыстарды қоқысқа арналып арнайы бөлінген орындарға тастамау. Әкімшілік заңнаманы тек ұйымдар ғана емес, сонымен қатар үйлеріне немесе пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматттар да бұзады. Полицейлер "Аулада қабылдау" іс-шарасын жүргізу барысында  үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап елордалық полиция департаментінің полиция қызметкерлері белгіленбеген орынға қоқыс төккендері үшін 70-ке жуық жүргізушіні ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы "Абаттандыру қағидаларын бұзу..." бойынша 3 миллион теңгеге жуық сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты. 

Белгіленбеген орындарға  қоқыс (құрылыс, тұрмыстық және т.б.) төгу фактілері, мысалға қаланың сырт жағына немесе қоқыс төгуге арналмаған басқа да орындарға қоқыс төгу фактілері анықталған жағдайда аталған құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады. 

Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Егер аталған құқық бұзушылықтар әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанып жасалса, онда жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

А. Рысдәулет