- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Батыс Қазақстан облысында...
Батыс Қазақстан облысында полицейлерді құттықтады
23 маусымда "Полиция күніне" орай Батыс Қазақстан полиция қызметкерлерін Бөкеева атындағы қазақ облыстық драма театрының сахнасында салтанатты түрде құттықтап, кәсіби мерекегеде марапаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды марапаттады.
"Қазақстанда полиция күні – оны құрудың бастауында жанқиярлықпен тұрып, қазіргі уақытта ішкі істер органдарында жұмыс істеп, ел азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтап жүргендерге ризашылық белгісі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуде қазақстандық полиция жұмысының жақсы нәтижелері, білікті кадрлары және заманауи материалдық-техникалық базасы бар. Мен сіздерге мінсіз қызметтеріңіз үшін, әрқашан тыныштықты күзетіп тұрғандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Азаматтардың қауіпсіздігі, антқа адалдық, Отан алдындағы борыш, парыз, абырой, батылдық – бұл сіздер үшін өмір салты саналады. Кәсіби жұмыстарыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!" - деді Мұхтар Манкеев.
Бұл мереке полиция ардагерлеріне құрмет көрсету, сондай-ақ қазақстандықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен барлық адамдарды еске алу күні. Шара барысында Облыс әкімінің бірінші орынбасары облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыстады. Әр жылдары кәсіби міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған полицейлер бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар арнайы атақтар мерзімінен бұрын бірнеше полиция қызметкерлеріне тағайындалды. Оны БҚО ДП басшылығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин тапсырды.
Ол әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, осындай жоғары баға полицейдің жаңа табыстар мен жетістіктерге жетуіне түрткі болатынына сенім білдірді.
Кеш Ғарифулла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
Еске сала кетейік, 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі ел полициясының қызметі мен міндеттерін анықтайтын алғашқы құқықтық актіні – "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңын қабылдады. 2007 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен 23 маусымды Қазақстан Республикасында "Полиция күні" деп жариялады.
Т. Раушанұлы