Полицейлер елдегі қант тапшылығын пайдаланып, тауарды алдын ала төлемге тиімді бағамен ұсынып, қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтар туралы айтты. Бұл туралы AstanaTV жазды.
Елімізде көкөністер мен жемістер арзандады. Осы уақытта халық үйде банкі жабуды бастайды. Бірақ биыл қант тым қымбат.
"Жақында 16 мың теңгеге 25 келі шекер сатып алдым. Ал бүгін базарға келдім – қант қазірдің өзінде 200 теңгеге қымбаттап кетіпті. Жыл сайын 300 банкі жабатын едім. Биыл 100 банкіге ғана шамамыз жетті. Өйткені қант өте қымбат", - дейді Орал қаласының тұрғыны Сара Үмбетярқызы.
Қант тапшылығынан пайдаланып қалғысы келетіндер көбейді. Жарнамалық сайттар оның келісі 250-300 теңгеден сатылып жатқаны туралы хабарлар таралды. Сатушылар тек WhatsApp арқылы қоңырауларды қабылдайды.
"Біз қап сатпаймыз, тек сатамыз, көтерме саудамен 250 келіден сатамыз. Мекенжайымыз Шымкент қаласында орналасқан. Бағасы 87 500 теңге болады. Бір келісінің бағасы 350 теңге. Жүкті кімге беретінін, мекн-жай, аты-жөнін айтыңыз, жеткізіп береміз», - деді телефон арқылы журналистерге осы "сатушылардың" бірі.
Полицейлер қант сатушы алаяқтарды ұстау қиын екенін айтады.
"Алаяқтар тіпті келісім-шарттар жасайды, құжаттар ұсынады, өнімнің фотосын жібереді, бірақ қант тұтынушыларға ешқашан жетпейді. Қант сататын алаяқтарды анықтау оңай шаруа емес. Олар ізін суытып үлгереді немесе тіпті басқа елде", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары қазірдің өзінде осыған ұқсас екі факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Олар клиенттермен сөйлесіп, шамамен 30 мың теңгеге 5 қап қант жіберетінін айтады. Осыдан кейін біздің тұрғындар ақша жібереді, ал алаяқтар нөмірді бұғаттап тастайды", - дейді қылмыстық схеманы түсіндірген БҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының анықтаушысы Ілияс Мұқанов.
Банк картасынан ақша ұрланбауы үшін не істеу керек?
Айтпақшы, желідегі алаяқтардың саны күрт өсті. Егер осыдан 5 жыл бұрын облыстың 26 тұрғыны желіде алданып қалған болса, қазір алаяқтардың құрбаны болғандар саны 20 еседен астам өскен.