Алматы қаласынан шығысқа қарай 200 шақырым қашықтықта жатқан Бартоғай су қоймасы таңғажайып сұлулығымен белгілі. Сөгетті және Торайғыр тауларының ортасын қиып ағатын Шелек өзенінің шатқалында орналасқан. Шелек өзені Күнгей мен Іле Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань жоталары арқылы ағады. Өзен бассейнінің жалпы аумағы 53 шаршы метрді құрайды, ал ұзындығы 245 шақырымға жетеді.
Бартоғай су қоймасының аумағы ұзындығы 15 шақырымға, ал ені 10 метрге дейін барады. Биіктігі 60 метрге жететін тас бөгеттермен қоршалған су өткізетін қондырғылар жазда егістікті суару үшін, ал қыста судың жиналуы үшін пайдаланылады. Мамыр және қыркүйек айларында егістікті суару мен бөгет суын ағызу науқандары жүргізіледі. Секундына бір куб су ағызылады. Су ағызған кезде пайда болатын су бұрқақтың биіктігі 100 метрге дейін жетеді. Ағызылған су үлкен қысым салдарынан кеңістікке тарап, ұсақ бұлт түзейді.
Орташа ағыста су температурасы 6-8 0С. Бұл қойма балық аулауға өте қолайлы. Табиғат аясында демалуды қалайтын жандарға экскурсиялық серуендер мен ағаш көлеңкесіндегі жанға жайлы орындар ұсынылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!