Астанада Бақтияр Артаевпен Айсұлу Ыбрашева ісі жайлы пресс-конференция өтті.
Естеріңізге сала кетейік осыған дейін мерзімді басылым беттерінде Бақтияр Артаевтың Айсұлу Ыбрашева есімді қызды ұрғаны жайлы ақпараттар тараған болатын. Бүгін Бақтияр Артаев осы оқиғаға байланысты БАҚ өкілдеріне түсініктеме жасады. Артаев БАҚ өкілдеріне Айсұлу Ыбрашеваның жала жауып отырғандығын, әйтсе де оны жалған сөзі үшін сотқа бермейтінін айтты. Оның айтуынша, күндердің күнінде бұл істің ақ-қарасын Айсұлудың өзі танып, өкінетін болады.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Видеоны Vesti.kz сайты ұсынды
Сурет: видеодан