Айдарбек Қыстаубаев – "Самұрық-Энерго" акционерлік коғамындағы "Генерация" дивизионының капиталды құрылысы мен өндірілетін бағдарламалардың мониторингін жүргізу басқармасының бас менеджері.
- Өзіңізді таныстырып өтсеңіз, қай жақтың тумасысыз, қазір қандай қызметтесіз?
- Қыстаубаев Айдарбек Таңсықұлы, 1966 жылы 15 ақпанда Оңтүстік Қазақстан обылысы, Ленгер ауданы (қазіргі Төле би), Аққұм аулында дүниеге келдім. Қазіргі қызметім Самрұқ-Энерго АҚ аға менеджер болып жұмыс істеймін.
- Оқыған оқу орындарыңыз жайлы айтсаңыз.
- 1973-1983 жылдары Қызыләскер орта мектебінде білім алдым. 1983 жылы Алматы архитектура-сәулет институтының, инженерлік жүйелер факультетінің, жылу-газбен қамтамасыз ету, бу-қазандық мамандығына оқуға түсіп, 1990 жылы бітіріп шықтым. Сол жылдар аралығында әскерде болып қайттым.
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді? Қазір мақсатыңыз бар ма?
- Бала күнгі арманым медицина қызметкері болу еді, оқуға тапсырғанда бір орынға он адамнан үміткер келді. Түсе алмай қаламын ба деп қорқып, физика сабағын жақсы білген соң, техникалық оқу орнына тапсырдым. Қазіргі мақсатым Астанада жақсы жұмыс істеп, үйлі болу ғана.
- Компания жайлы бірер сөз, бұл қызметке қалай келдіңіз? Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?
- Компания жайлы айтар болсам, қазіргі сәтте Самұрық-Энерго АҚ Қазақстанда энергетика саласында көшбастаушылардың бірі. Қазақстанның энергетикада тәуелсіздікке ие болуына үлкен күш салып жүрген Қоғам. Бұл қызметке Алматы 2-ЖЭО жиырма жыл қызмет істеп келдім. Әріптестермен қарым-қатынасым өте жақсы.
- Жоғарғы оқу орнында қандай мамандықта оқыдыңыз? Еліміздегі Жоғарғы Оқу орындары туралы айтып өтсеңіз...
- Қазіргі кезде Қазақстандағы оқу орындарының білім беру сапасына көңілім толмайды, оның себебі жаңадан білім алып келген жастарды жұмысқа алғанда білініп қалып жатыр. Тағы да бір үлкен проблема – жоғарғы оқу орнын өте жақсы қазақшаға бітіріп келіп жұмысқа тұрған жастар, өндіріс орнында жұмыстың бәрі орысша жүргізілгендіктен қиналып, алған білімдерін толық жүзеге асыра алмай жатқандығы. Ондай жастар өте көп.
- Қалай ойлайсыз, қызметін жақсы жасайтын адам қандай болуы керек?
- Қызметін жақсы жасайтын адам білімді, іскер, ізденгіш және де қоршаған ортасымен тіл тапқыш болу керек.
- Астана қаласы сіздің көзіңізбен, яғни Астана қаласын сүйесіз бе? Қандай мәдени жерлерін ұнатасыз?
- Астана ұнайды ерекше сәулетімен, тазалығымен. Бейбітшілік және келісім сарайын, Тәуелсіздік сарайы мен Президент саябағын ұнатамын.
- Шет елдерге шыққансыз ба? Шықсаңыз қай елдерде болдыңыз? Оларды Қазақстанмен салыстырып көріңізші.
- Оңтүстік Кореяда болдым, шынын айту керек, біз Оңтүстік Кореядан әлдеқайда төменбіз.
- Қазақ жастарына айтарыңыз...
- Сол, бұдан 92 жыл бұрын айтылған сөзді қайталаймын «Оқы, оқы және оқы!»
- Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Ардақ Құлтай