Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының бастауымен ұйымдастырылған «Ұлытау» экспедициясы барысында Ешкіөлмес деген жерге барған болатынбыз.
Аталған мекен Ұлытау ауылынан 35 шақырым (Арқалық–Жезқазған тасжолынан 5 шақырым шығысқа қарай) қашықта жатыр. Бұл өңірде Кеңес өкіметі кезінде Бағаналы ішіндегі Тәңірберді руы қоныстанған екен. Орныққан ауылдардың егіншілікпен айналысқаны да белгілі. Олар Сарытоған деген жерде егін егіпті. Ал суды Егіндібұлақ бұлағынан алатын болған. Егіндібұлақ осы өңірдің негізгі су қоры болыпты. Қазіргі кезде бұл жерде адам өмір сүрмейді. Бұлақтың көзі де кішірейіп, жабылуға шақ қалған.
Егіндібұлақ әйгілі Барақкөл көлінен оңтүстік батыста 45 шақырым қашықта жатыр. Көлдың атауы Барақ сұлтанның құрметіне қойылған болуы да әбден мүмкін дейді жергілікті тұрғындар. Дегенмен, оны дәлелдейтін нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондай-ақ, бұл өңір жоңғарларға алғаш рет тойтарыс берілген Қаракеңгір өзенінен де алыста емес. Шамамен 30 шақырым қашықтықта жатыр.
Егіндібұлақ туралы осы елдің тумасы Әлімхан аға Исмағұлұлы айтып берді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wKKE3w1WuTc","width":"450","height":"255"});
Арнайы massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев
Сурет: massaget.kz