- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ауа райы: Таяу...
Ауа райы: Таяу күндері жаңбыр жауады және найзағай ойнайды
Қазақстанда таяу күндері жауын жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Қазақстан аумағы бойынша оңтүстік-батыс ағындарымен циклон болады және онымен байланысты атмосфералық фронттар жылжиды. Сондықтан жақын арадағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа 25-33 градусқа дейін жылынады, 25 сәуірде осы аудандардағы күндізгі температура +15-23 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін күшейеді.
сурет: radikal.ru
Н. Айдархан