Қазгидромет 10-12 шілде күндері Қазақстанда күн салқындай түсетінін болжап отыр. Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы 40...45С ыстық болды. Бірақ алдағы үш күнде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан ауа ағындарымен бірге Қазақстанға салқын және ылғалды ауа енеді. Республика аумағының басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдеп, солтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, күшті жел тұруы мүмкін. Оңтүстік облыстардың кейбір аудандарында да, әсіресе таулы және тау бөктері аудандарында найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал, - дейді синоптиктер.