Атырауда елдің балауса аруы мен мырзасы анықталды

Атырауда елдің балауса аруы мен мырзасы анықталды

Атырауда Қазақстанның балауса мырзасы мен аруы анықталды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлады.

"Қазақстанның балауса аруы" номинациясының Гран-Приін сегіз жасар ақтөбелік Сара Дасхал жеңіп алды. Өнерпаз Игорь Крутойдың "Музыка" әнін орындап көпшілікті тәнті етті. Ал елдің балауса мырзасы титулына Орал қаласынан келген Тайырхан Аққуанов ие болды.

ва

Оралдың тағы бір перзенті Алина Ялова "Қазақстанның вице-балауса аруы" атанды. Алина көпшілік алдында "Бремен музыканттары" мультфильміндегі ханшайымының рөлін сомдап берді. Дәл осы персонаж он жасар Валерия Земляноваға "Жас ару" сыйлығын алып берді. Чарли Чаплиннің образы атыраулық Настя Ахрамовичті "Қазақстанның мини-аруы" атандырды. 11 жасар ақтөбелік Айдана Қыдырбай "Туған жер" әнін орындап, "Балауса ханшайым" атанды.

"Қазақстанның бірінші вице-мини аруы" деп атыраулық Алана Максимова танылды. Қостанайлық Ислам Төлегенов "Алға, Қазақстан" әнімен қазылар алқасының көңілінен шығып, "Қазақстанның жас мырзасы" атағын иеленді.

вап

"Қазақстанның балауса аруы мен мырзасы - 2012" фестивалі 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Сайысқа елдің барлық облыстарынан ұзын-саны 15 ұл-қыз қатысты. Қатысушылардың барлығы 5-13 жас шамасындағы өнерпаздар. Бәйге жеңімпаздары осылайша, әлемдік конкурсқа жолдама алды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz