Ата Заңға қандай өзгерістер енгізілді?

Биылғы жылдың 10 наурызында мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. 9 наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді.

Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірген еді.

Конституция – мемлекеттің басты заңы, жоғары заңды күшке ие ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттік саяси, құқықтық және экономикалық жүйемінің негіздерін белгілейді. Ата Заңға қандай өзгерістер енгізілді? 

Өзгеріссіз

– Жеке меншікке қатысты Конституцияның 26 бабы өзгертусіз қалдырылды. 

– Астананың атауын Назарбаевтың құрметіне өзгерту мәселесі Конституцияға енгізілмеді. 

Жаңа

– Президент өз шешімімен тағайындайды: сыртқы істер министрін, қорғаныс министрін, ішкі істер министрін, Премьер министр үкіметтің қалған мүшелері болуға үміткерлер туралы ұсынысын мемлекет басшысына тапсырады. 

– Елдің президенті болуға үміткер жоғары білімді болуға міндетті. 

– Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, қаржыландыру мен мемлекеттік бюджеттен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту бойынша өкілеттіліктер беріледі. 

– Сенат ҚР адам құқығы жөніндегі Уәкілді бес жылдық мерзімге сайлап, қызметінен босата алады. 

– Премьер министр үкіметтік қызметі мен маңызды шешімдер жайында президентке ғана емес, парламентке де есеп беруі тиіс. 

– Президент бұдан былай үкімет пен премьер министр актілерінің қызметін тоқтатып немесе алып тастай алмайды. 

Толықтырулар

– Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы Елабсы, оның мәртебесі еш өзгеріссіз қалады. 

– Конфессияаралық келісімді бұзуы мүмкін әрекеттер конституцияға жатпайды деп танылады. 

Конституцияның жаңартылған жобасы бойынша 6 мыңнан астам ұсыныстар келіп, бұл ұсыныстардың барлығы түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың талқысынан өткен. Аталған өзгерістер Конституцияда қамтылған негізгі құндылықтарға, мемлекеттік қызмет қағидаттары мен басқару нысанына толықтай сай екенін айтуға болады. 

Айта кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізу жобасы  ресми БАҚ-та 2017 жылдың 26 қаңтарында жарияланған еді.