- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астананың көрнекті кешендерінде...
Астананың көрнекті кешендерінде бір сағатқа жарық сөндіріледі
28 наурызда сағат 20:30-да адамзат тарихындағы ең бұқаралық «Жер сағаты» акциясы өтеді. Әлемнің түрлі елдеріндегі адамдар климаттың өзгеруімен күрес идеясына қолдау көрсету үшін бір сағатқа жарықты сөндіреді. Астана қаласы да бұл акцияға қатысатын болады, - хабарлайды 24.kz.
«Хан Шатыр» СОО сағат 19:30-21:30 аралығында «Жер сағатына» арналған флешмоб өтеді. Биыл «Жер сағаты-2015» акциясы «Ұлттық ағаш отырғызу күні» аясында ұйымдастырылады. Мақсаты – ормандарды қалпына келтіру, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның орман байлығын сақтап, көбейтудегі қоғам мүддесін дамыту, орманды қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.
Былтыр акция әлемнің 160-тан астам мемлекетінде 2 миллиардқа жуық адамды қамтыған болатын. Сағат 20:30-да Лондондағы Биг-Бен, Сиднейдегі Опера театр, Ыстамбұлдағы Көк мешіт, Афинадағы Акрополь, Ватикандағы Әулие Петр шіркеуі, Париждегі Эйфель мұнарасы, Нью-Йорктегі Empire State Building және Times Square, Ниагара сарқырамасы, Лос-Анджелес халықаралық әуежайы, Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы, «Хан Шатыр» СОО, «Бәйтерек» монументі және «Ақорда» Президент резиденциясы секілді әлемнің көрнекті жерлерінде жарық сөндірілді.
Сондай-ақ, 28 наурыз күні сағат 20:30-да «Ұлттық академиялық кітапхана», «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешені, «Астана Опера» театры және Есілдің сол жағалауындағы барлық архитектуралық ансамбльдерде жарық өшіріледі. Барлық қазақстандықтарды «Хан Шатыр» СОО өтетін «Жер сағаты» республикалық флешмобына қатысуға шақырамыз. Шара барысында «Туған жер» тақырыбында фотокөрме өткізіліп, сарапшылар эко-әдеттер, эко-бастамалар бойынша баяндамалар жасайды, эко-сайыстар ұйымдастырылып, жанды этно-музыка орындалады. «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жаһандық акциясы (WWF).
Бұл – табиғатты аялаудың, ғаламшарымыздың шектеулі ресурстарына деген қамқорлықтың символы. «Жер сағаты» акциясы аясында әлемнің әрбір елінде адамдар бір сағатқа электр жарығын өшіріп, сол арқылы климаттың өзгеруімен күрес идеясын қолдайтындықтарын білдіреді.
Сурет: www.esi-africa.com
Ұқсас жазбалар:
“Әр адамның дауысы маңызды” науқаны басталды
"Ұлытау" экспедициясы негізінде дайындалған деректі фильм АҚШ-та көрсетілмек (видео)
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғаны қазақ тарихының көрсеткіші емес
Елордадағы жастар сарайында жас ақындар айтысы өтті
Ж. Өрісбай