Астанадағы аялдамаларда жол ережелерінің жадынамалары пайда болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлады.
ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Ләззат Бисембаева осы орайда: "Қала тұрғындарының көпшілігі жол бойындағы полиция қызметкерлерінің шартты белгілерін түсінбейді. Осы себепті ақпараттық баннерлер Астананың 60 аялдамасында орнатылды. Болашақта осы жадынаманы қаланың барлық аялдамаларына орнатамыз деп жоспарлап отырмыз", - деді.
Астана қаласындағы аялдама
Хатшының айтуынша, соңғы 6 айда қала ішінде орын алған апаттардың 46 пайызына жаяу жүргіншілер кінәлі болып шықты. Өкіл, сонымен қатар, қала көшелерінде жүргізілген блиц-тесттің нәтижесі бойынша, сұралған азаматтардың жартысынан көбі жол полициясы қызметкерінің шартты белгілерін түсінбейтін болып шығыпты.
Айта кетелік, "Административтік құқық бұзушылық" Кодексінің 473-ші бабы бойынша жол бойында ереже бұзушылар үшін 5 АЕК-дан (8090 теңге) 15 АЕК-ға (24 270 теңге) дейін айыппұл немесе үш күн қамауға алу шарасы қарастырылған.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз