- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астаналықтарға 2300 жыл...
Астаналықтарға 2300 жыл бұрынғы ақшалар көрсетіледі
Бейсенбі, үстіміздегі жылдың 15 қарашасы күні сағат 11.00-де «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінде (Астана қ., Республика даңғылы, 2) тарихтың б.з.д. VIII ғасырынан біздің дәуірімізге дейінгі түрлі кезеңіне жататын көне ақшалар көрмесі ашылады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне Назарбаев орталығының баспасөз қызметі хабарады.
Көрменің экспозициясында:
- Батыс Түрік қағанатының ақшасы (б.з. VIII–XI ғғ.);
- Қараханидтер династиясының ақшасы (Х-ХІ ғғ.);
- Қола дәуір монеталары (Х-ХІ ғғ.);
- Шағатайлықтардың дирхемдері (ХІІІ-ХV ғғ.);
- Ежелгі Отырардың ақшалары (ХІІІ-ХV ғғ.);
- Қазіргі жүйелі чекан ақшалары;
- Бұрын көрмеге қойылмаған «С.Мұқановқа 100 жыл», «ҰОС Жеңісіне 55 жыл», «Түркістанның 1500 жылдығы», Қазақстандағы миллениумді қарсы алу, «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» және т.б. арналған мерекелік және естелік монеталар көрсетіледі.
"Көрменің ашылуына «Назарбаев орталығы» ММ директорының орынбасары Р.Василенко, Берел қорғанын тұңғыш тапқан З.Самашев, ҚР Ұлттық Банкі Астана қаласы филиалының директоры М.Сейфуллин, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры А.Сағынғалиева, ҚР «Алтын және бағалы металдар музейінің» директоры А.Нұразхан, Астана қаласы қазіргі заман өнер музейінің директоры Н.Шиврина және сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-аналитикалық орта, БАҚ өкілдері, мәдениет пен өнердің, әдебиеттің көрнекті тұлғалары қатысады", - делінген таратылған ақпаратта.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kostanayagro.kz