- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астаналықтар ертең Түркі...
Астаналықтар ертең Түркі әлеміне саяхат жасайды
Ертең, яғни, 2012 жылдың 31 қазан күні Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында "Түркі әлемі" жәрмеңкесінің ашылу салтанаты болып өтеді. Шара "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры" қоғамдық қорының қолдауымен өтпек.
Экспозициялық жобаның серіктестері ретінде "Назарбаев орталығы", Қызылорда және Батыс Қазақстандық облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы, Отырар мемлекеттік археология мұражай-қорығы, танымал ғалым-түркологтар айтылды. Шараның ғылыми кеңесшісі "Назарбаев орталығының" бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Айман Медеубаева.
"Экспозициядағы көркемдік-графикалық шешімдер жарық және видео эффектілерді қолдану арқылы қабылданды. Қонақтар құдды ғарышта жүргендей әсерде болады. Ұйымдастырушылар осылайша көрермендермен ерекше байланыс орнатып, олардың жүрегінде әлемді тануға құштарлық туғызуды мақсат қылып отыр", - деді шара ұйымдастырушылары берген сұхбатында.
Жәрмеңкеде халықтың назарына ортағасырлық тас мүсіндер, руна жазуы ескерткіштері және басқа да археологиялық артефакттар ұсынылатын болады. Жұрт осылайша Қарлұқ, Қараханид, Қыпшақ мемлекеттерінің мәдениетімен танысады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tengrinews.kz