- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астанаға аспан күмбезін...
Астанаға аспан күмбезін соғу ұсынылды
Архитектор Евгений Невеличков Астананың сол жақ жағалауына күмбез соғуды ұсынып отыр. Өзінің айтуы бойынша, қолайсыз ауа-райынан құтылуға жол ашылмақ.
Аталған конструкция суыққа байланысты қиындықтардың бәріне жол ашып, миллиондаған туристердің ағылуына мүмкіндік береді. Алайда, миллиондаған долларды алдымен жобаға құю керек болып тұр. Сонда барып қана жылыжайдан аумай қалатын елордамыз жап-жасыл желекті баққа айналып шыға келеді.
Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, шақырымдап жабылып жатқан күмбездегі жылылық жылдың барлық маусымында 20 градус температурадан түспейді.
Айта кететін болсақ, дәл мұндай жоба Американың Хьюстон қаласында жақын жылдары жүзеге асырылмақ. Себебі, ол жақта да аптап ыстық пен долы дауыл өмір сүруге мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Фторопластиктің арқасында шақырым бойларына көмкеріліп жататын күмбез қаланың орталық бөлігін жаппақ.
сурет:dsc.discovery.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига