Астанада тұрғызылатын 382 метрлік Abu Dhabi Plaza ғимаратының құрылысы 2016 жылы аяқталады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қазақстанның БАӘ-гіндегі елшісі Асқан Мусиновтың айтуынша, бұл жоба экологиялық таза құрылыс жүргізудегі маңызды қадам болып табылады.
"Abu Dhabi Plaza-да жалпы ауданы 90 мың шаршы метр офис пен 598 апартамент, 111 мың шаршы метр сауда орындары, сонымен қатар 2 қонақ үй болады. 88 қабатты, 382 метрлік бұл ғимарат Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ", - деді Мусинов Gulf News-ке берген сұхбатында.
Өкілдің айтуынша, Абу-Даби үкіметін жобағы 1,5 миллиард доллар инвестиция құяды.
Айта кетелік, сонымен қатар, Abu Dhabi Plaza мен әуежайды байланыстыратын арнайы монорельсті темір жол салынады. Комплекс паркингінде 5 300 орын болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: www.skyscrapercity.com, whitbymohajer.com