Астанада қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы басталды

Астанадағы "Қазмедиа" орталығында қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы басталды. Бұл шараны ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, www.abai.kz ақпараттық порталы, www.alash-orda.kz ақпараттық порталы және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы. 

Конференцияны ашып сөз сөйлеген «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы, Ерлан Қарин "бұл қазақ интернет сайттарының проблемаларын ашық алаңда талқылап отырған алғашқы жиын" екенін атап өтті. Бұл қазақ интернетінің сапалық өзгеріске ұшырағанының айқын көрінісі екенін айтып отыр. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев министрліктің соңғы жылдары қазақ интернетіне арнайы көңіл бөліп әжептәуір қаржы бөліп келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, алдағы жылда 450 интернет ресурсын ашу жоспарланып отыр, бүгінге дейін жергілікті жерлердегі басылымдардың 167 интернет парақшасы ашылса, жалпы 200-ге жуық басылымның интернет парақшасы бар, оның басым көпшілігі қазақ тілінде. Биыл ақпарат саласын дамытуға 1 миллиард теңге бөлінсе, оның 110 миллиондайы интернет ресурстарға бөлінген деп хабарлайды "Мінбер" ұлттық интернет газеті. 

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: minber.kz