Көктемнің алғашқы күндерінде елордада кіші разрярдтар арасында көркем гимнастикадан жарыс өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігнің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа Астана, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 90-ға тарта жас гимнаст қатысты.
Ережеге сәйкес, спорттық іс-шараға 2002 жылы дүниеге келген және одан да кіші БЖСМ, СДЮСШОР-да, сондай-ақ, секциялар мен қалалардағы көркем гимнастика спорт клубтарында жаттығатын балғын спортшылар қатысты.
"Негізгі санаттар бойынша Милана Квасова (2007 ж.т.), Валерия Терлецкая (2006 ж.т.), Меруерт Нұрбосынова (2006 ж.т.), Захро Сайдарипова мен Аружан Сыпабек (2005 ж.т.), сондай-ақ, В тобындағы - Диана Советова жеңімпаз танылды", - делінген таратылған ақпаратта.
Он жастағы жасөспірім қыздар арасында жеңіс тұғырына А тобында Кристина Куценко мен Мәдина Серік, В тобында Катя Завертяева көтерілді. Ең ересек қыздар арасында Дильназ Бабатаева (2003 жылы туылған) топ жарды.
Бес жастағылар арасында Анастасия Руф пен Мерей Рахметова бірінші болды. Ең кішкентай қатысушылар – төрт жастағылар өз бағдарламаларымен көрермендерді тәнті етті. Өзінің алғашқы турнирінде Роза Дю көпшіліктің көзайымы болды.
Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар және медаль тапсырылды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sports.kz, inform.kz