Астанада Еуразия медиа форумының кезекті ХІ конференциясы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz. Шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысты.
Айта кетелік, форум еуразиялық БАҚ-ты дамыту және Еуразиядағы аймақтардың даму ерекшеліктері туралы ақпаратты тарату мәселесіне арналды.
Форумда, сонымен қатар, Ауғанстаннан НАТО жасағын шығарғаннан кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы жағдай, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Кедендік Одақ қызметін талдау мәселелері, ақпараттық қауіпсіздікті және ХХІ ғасырдың медиа-трендтер аспектілері, сонымен қатар Қазақстандағы «жасыл экономиканы», энергия тиімді жобаларды дамытудың перспективалары талқыланды.
Жиынға 60-тан астам елден келген саясаткерлер, экономистер, журналистер және қоғамдық-саяси қайраткерлер, сонымен қатар медиа, саяси және сарапшы ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: primeminister.kz