- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астанада геологиялық зерттеулер...
Астанада геологиялық зерттеулер орталығы ашылады
Таяу жылдары елордада геологиялық зерттеулер орталығы салынады. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Болашақ басым бағыттарының бірі ғылыми және зертханалық-талдау базасын дамыту борлып табылады. Осы мақсатта компания «Назарбаев университеті», «Самұрық-Қазына» қоры мен ірі жер байлығын пайдаланушылардың қолдауымен ғылыми геологиялық орталығын құру үшін жұмыстар жүргізуде",- делінген таратылған ақпаратта.
Жыл сайын мыңдаған сынамалар талдау үшін Қазақстанда инфрақұрылымға сәйкес техникалық ресурстар болмағандықтан, Австралия, Канада, АҚШ, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерге шығарылуда. Осыған байланысты кейінгі кезде елордада геологиялық зерттеулер орталығын ашу қажеттілігі туындауда.
Орталық Назарбаев университетінің жанында салынбақ. Онда тиісті инфрақұрылымдар — геохимиялық зертхана, зертханалық кешендер, тағы да басқа нысандар тұрғызылады. Орталықта инновациялық идеялар енгізіліп, жаңа геологиялық барлау технологиясы әзірленеді. Зертханаларда зерттеулер халықаралық стандарттарға сәйкес орындалады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ru.wikipedia.org