Астанада алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы "Ұлттық медициналық холдингі" акционерлік қоғамының баспасөз қызметы хабарлады.
"Ұлттық ана мен бала орталығында салмағы 6 килограмм 820 грамм сәби дүниеге келді. 37 аптада дүниеге келген баланың бойы 68 сантиметр. Әдетте жаңа туған балалар 3-4 кг-нан аспайды. Массасы 4 кг баланың өзі ірі деп есептеледі", - деді мекеме өкілдері.
Баланың анасының денсаулығына зиян келмепті. Айта кетелік, бұл оның үшінші перзенті екен. Алғашқы сәбиі 3 килограмм 500 грамм салмақпен туылса, екіншісі 4 килограмм 100 грамм боған екен. Орталық дәрігерлерінің айтуынша, мекеменің 5 жылғы қызметі кезінде бұндай жағдай кездесіп көрмепті.
Естеріңізге сала кетелік, 2012 жылдың ақпан айында Көкшетаудың тұрғыны 25 жастағы Жанар Баймулдина салмағы 6 килограмм 645 грамм болатын сәби дүниеге әкелген болатын.
Ал әлем бойынша рекорд Италияда орнатылыпты. 1955 жылы жас ана 10 кг-дық бала дүниеге әкелген.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!