Астанада "WORLDDIDAC Astana 2013" көрмесі ашылды

Астанада "WORLDDIDAC Astana 2013" көрмесі ашылды

Кеше Астанада «WORLDDIDAC Astana 2013» I Халықаралық бiлiм форумы мен бiлiм беру және кәсiптiк даярлыққа арналған технологиялар көрмесi өз жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

 лд
ть
"Болашақ" халықаралық степендиясының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтiп жатқан форумның мақсаты – халықаралық бiлiм мен ғылымды, инновацияларды, технологияларды дамытудың қазiргi заманғы үрдiсiн талқылау, қазақстандық және шетелдiк сарапшылар, бiлм беру ұйымдарының өкiлдерi арасында бiлiм берудiң өзектi мәселелерiн шешуге арналған алаңды құру", - делінген таратылған ақпаратта.
ьб

ьб
ьб
Форумға 24 елден 140 компания қатысып отыр. Олардың iшiнде "Болашақ" бағдарламасының түлектерi жұмыс iстейтiн 20 қазақстандық компания да бар. Бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi шара барысында жаңа технологиялармен танысып қана қоймай, оларды Қазақстанда қолданысқа енгiзудi талқылайтын болады.
ьб

бю
жэ
Сонымен қатар, 11 сәуірде аяқталатын іс-шара барысында шетелдік білім беру орындары және компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланған. Бірінші көрме қорытындысы бойынша 2012 жылы оншақты келісімшартқа қол қойылды. 
ть

Форум аясында шетелдiк бiлiм ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою көзделген. Аталған шара барысында бiлiм беру жүйесiндегi жетекшi мамандар мен сарапшылардың қатысуымен семинарлар, мастер кластар мен ақпараттық сессиялар, мамандандырылған тренингтер мен ашық сабақтар өткiзiлмек. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: worlddidac-astana.com, Үкіметтің баспасөз қызметі

 

Massaget