Астанада 45 елдің жас көшбасшылары бас қосады

Астанада 45 елдің жас көшбасшылары бас қосады

Алдағы күндері «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Назарбаев университетінде 45 елдің жас көшбасшыларының басын қосатын Shape Eurasia кездесуі өтеді, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

Бұл форум – ықпалдасу мен әлемдік үнқатысу тұрғысынан еуразиялық құрлықтың ішкі-сыртқы өзгерістерін талқылау мақсатында түрлі аймақтардың жас лидерлерінің басын қосатын  алаң.

Бұл орайда Massaget.kz порталы осы шараны ұйымдастырушылардың бірі – Global Shapers Астана хабының күш салуымен осы таңға дейін іске асырылған жобалардың бір шоғырын назарға алды.

Бастамашыл топ 2012 жылы өзінің алғашқы Cafe Scientifique жобасын іске қосты. Яғни, Cafe Scientifique (http://www.cafescientifique.org/) – бұл ғылымды насихаттайтын және ғылыми жетістіктерді қалың бұқараға түсінікті ететін, халықаралық үлгі.

Мұның ерекшелігі – Cafe Scientifique қонақтардың кофе/шәй үстінде спикерлермен еркін әңгімелесіп,  кей тұстарда «орынсыз сұрақтарды» қойып, ғылымның біздің күнделікті өмірімізде бар екенін түсіндіру арқылы жас қатысушылардың танымын кеңейтететін бейресми ахуалда өтетін шара. Жоба авторы астаналық шейпер Айгерім Хафизова.

ва

Ал 2013 жылы тағы бір шейпер Дәурен Әубәкіров Action Forum  жобасын іске асыруды ұсынды. Бұл белсенді жастарды талқылаудың ақыры нақты әрекетке айналатын, бизнес, ғылым, технология, мемлекеттік және қоғамдық сектордың басшыларымен өзара әрекет етуге бағытталған жүйелі алаң.

Action Forum кездесуі шеңберінде мамандардың тегін кеңесі ұйымдастырылады, тәжірибе алмасу өтеді, өзара тиімді әріптестік пен өзаракөмекті іске асыру мүмкіндігі ашылады.

Жоба шеңберінде Женева Бизнес Мектебі түлегі Алина Әбдірахманова, «По-чесноку» интернет-блогының авторы Слава Неруш, «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингінің атқарушы директоры Қаныш Тілеушіи және басқалар сөйледі.

Одан бергі кезеңде хаб мүшелері тарапынан «Мен 100 жасқа келгенше» және «Дербес қаржы әліппесі» жобалары іске асырылды. Бұл жобалардың тұсаукесерінен кейін, Global Shapers кездесуінде шетелдік қатысушылар оларды өз өкілдіктерінде іске асырды. 

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры, Global Shapers Астана хабының кураторы Әсет Әбдуалиевтың айтуынша, бұдан да басқа жобаларды мысалға келтіруге болады.

«Біздің ұйымның нақты қаржыландыру көзі жоқ. Бәрі ерікті түрде жасалады. Әрине, мақсатты аудиториямен ғана емес, сондай-ақ, қатысушылармен байланыс орнатуда әлеуметтік желілердің орыны зор», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Global Shapers Community in Astana жобалары әлеуметтік бастамалар көтеріп қана қоймай, астаналық жастардың кәсіби және шығармашылық жағынан дамуына бағытталған. Ал ғылыми құрауыш оның стратегиялық бір тармағы болып табылады.

Жалпы, Global Shapers Community – 20 мен 30 жас аралығындағы көшбасшы жастардың қауымдастығы. Дүниежүзілік экономикалық форум бүкіл әлем жастарының болашағы үшін осындай саяси платформа қалыптастырған.  Жобаға кез-келген мамандық иесі қатыса алады. Ең бастысы, олар қоғамға пайдалы қандай да бір жоба ұйымдастырып немесе жаңа идея ойлап табуы тиіс. Global Shapers Community қатысушылары әлемнің ірі қалаларында кездесулер ұйымдастырып отырады, ол жиындарда бір-бірімен идея және тәжірибе алмасады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Global Shapers Community in Astana

Е. Қайрахан