Астана тұрғыны қыс бойы жейдемен жүрген

Астана тұрғыны қыс бойы жейдемен жүрген

Астана тұрғыны қыс бойы жейдемен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 жасында Қайырбек Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға көшіп келген. Ол 7 жылдан бері ерекше жаттығумен денсаулығының мықты болуы үшін немесе ауырмау үшін емес, қызығушылықтан ғана айналыса бастапты. Аяз күндері ол жылы киім кимейді, шалбармен және шолақ жеңді жейдемен жүреді. Алғашқы жылдарда ер адам жазғы аяқ киіммен де жүрген.

"Осы қыс ауа температурасы 40 градусқа жетпегендіктен және бірнеше ғана 30 градус аязбен күрескендіктен мен үшін жеңіл болды. 30 градус аязда мен шыдай аламын. Далада 30-40 минуттай жарақат алмастан жүре аламын, тіпті жеңіл түрде суықтап қалмаймын, аурытпалықты сезіндіретін жағдайлар - саусақтардың аяздан ауыруы, мұрынның тоңуы болмайды. Желдің екпіні күшті болғанда далада болатын уақытым екі есеге дейін қысқарады", - дейді Қайырбек Аяшев, - 30 градус аязда менің жұдырығым қатты жұмылады, жүрісім жылдамдайды, температураның төмен екенін теріммен сезінемін". Ол мұндай эксперименттерден кейін ешқашан ауырып көрмеген. Ер адамның айтуынша, ол әрқашан жеңіл киінген. Бала кезінен иммунитеті жақсы әрі сүйегі мығым болған.

Қайырбек Аяшев өзінде жылы киімдер болғанына қарамастан, қыста оны бәрібір де кимейтінін айтады. "Кей қыста, 40 градус аяз болғанда пиджак киюіме тура келді. Ал кейде онсыз да шыдадым", - дейді ол. Сонымен қатар, Аяшев көшеде көптеген адамдардың назар аударатынын айтып өтті.  

"Мен біреулер тонап кетті деп немесе ауыр жағдайда деп ойлайды: рухани немесе материалдық жағынан қиналған адам дейді. Кейбіреулер, бірақ көпшілігі емес, жақындап келіп, көмек ұсынады. Менің материалдық жағдайымның барын және жан күйзелісімнің жоқ екенін түсінген біреулер мұны пиар деп ойлайды, мақтаншақ десіп, жақтырмайды. Ал тағы біреулер менің шыңдалып жүргенімді түсінеді. Кейбіреулер бұл ісімді қолдап, бас бармағын көрсетіп, қолдау білдіреді. Көптеген жүргізушілер жолдан өтіп бара жатқанымда сигнал береді. Ал біреулер "Жарайсың, жалғастыра бер!" деп кетеді", - дейді Қайырбек.

ва

Қайырбек Аяшев 36 жаста. Оның мамандығы - экономист. Қайырбек Аяшев қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде ғылыми қызметкер. Макроэкономикалық модельдеумен айналысады. Суықтап шынығудың алдында ол йогамен айналысыпты.

"Негізінде, йога - эксперимент жасау, өз-өзіңді табу. Өзіңмен эксперимент жасау, өз денеңмен, өз эмоцияңмен. Осы эксперименттердің қорытындысында аязбен жұмыс істеп көруім керек екенін түсіндім. Бірнеше жыл өткеннен кейін йогада сондай бағыттың бар екенін және таралып жатқанын білдім", - дейді ол.

Сонымен қатар, Қайырбек қыста суға түседі. Әңгімесін ақятаған ол аязға жылы киімсіз шығып, эксперимент жасамау керек екенін айтты. "Бұған адамның бейімі болуы керек. Мақал да келтірейін: өткелді көрмей тұрып, суға түспе. Астанада бұл өте қауіпті тәжірибе, бұл экстремалды тәжірибе, себебі мұнда аяз қатты. Егер адам процесті сезбесе, денесінің ауырғаны мен суықтағанын сезбесе, бұл қауіпті", - деді Қайырбек Аяшев.

сурет: tengrinews.kz

Е. Қайрахан