«Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Астана күніне орай құттықтауларды қабыл алыңыздар!
***
Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Астана дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді. Гүлдей бер, жайнай бер, елімнің бас қаласы Астана!
***
Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз. Бас қаламыз жасай берсін, жаңара берсін!
***
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Асқақтай бер Ару қала – Астана! Бүгінгі елорда күні құтты болсын!