Массагет ұжымы барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтайды!
Елордамыз күннен-күнге дамып, оның сәулесінде еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінің де берекесі артып, халқымыздың басындағы бақыттың ғұмыры ұзара берсін.
Бүгін, сонымен қатар, мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да туған күні. Екі айтулы күн қатар келіп отырған бұл датаның ерекшелігі де осыда. Президентімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.
Мереке құтты болсын!