Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Астанамыздың тарихына көз жүгіртсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Астананың туған күнінде бас қаламыз туралы қандай жылы лебіз айтсақ та, жарасатын секілді. Ал өмірін креативке толтыруды ұнататын жандар Астанада жүріп елден ерекше болып суретке түсіп, бас қаланың ажарын айшықтай түсіпті.