- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Астана фонындағы креативті...
Астана фонындағы креативті суреттер
Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Астанамыздың тарихына көз жүгіртсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Астананың туған күнінде бас қаламыз туралы қандай жылы лебіз айтсақ та, жарасатын секілді. Ал өмірін креативке толтыруды ұнататын жандар Астанада жүріп елден ерекше болып суретке түсіп, бас қаланың ажарын айшықтай түсіпті.
Бұл – Астананың символы Бәйтеректің алдында би қимылын жасап суретке түскен жігіт.
Мына бойжеткен Бәйтеректі тәж етіп киіп алды. Бұл сурет көптің көңілінен шығып, әлеуметтік желілерде дәл осылай суретке түскен адамдардың қарасы көбейді.
Олардың ішінде жігіттер де болды.
Бәйтерек – басқа ракурстан.
Хан шатырдың фонына суретке осылай түссеңіз, ерекше шығатынын түсінген боларсыз.
Ал мына суретте ақшада бейнеленген ғимарат өз иесін тапқан.
Нұрлы Әлем ғимаратын сүйіп тұрғандай әсер қалдыратын бойжеткеннің тапқырлығында шек жоқ.
Шарды ұстап алған секілді...
Өркендей бер, Астана!
Р. Роза