- Негізгі бет
- Қазақстаным
- «Алтынемел» ұлттық табиғи...
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
«Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1996 жылы 10 сәуірде ұйымдастырылды. Ұлттық саябақтың территориясы 520,2 мың га жерді алып жатыр. Саябақта таулы аймақ, құмды шөлді аймақ, жазық далалы аймақ, қырлы-жоталы аймақ және топырақты далалы аймақ бар.
Негізгі бөлігі таулы массивтерден тұрады. Таулы аймақтар теңіз деңгейінен 1200-2500 метр биіктік аралығында орналасқан. Үлкендігі жағынан Қазақстандағы ең үлкен табиғи саябақ. Саябақтың территориясында көптеген туристік мекендер бар. Саябақтың климаты — шұғыл континентальды.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрлері бар. Олардың 21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген болса, 60 түрі Жоңғар Алатауы мен Іле-Балқаш бассейнінде сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына кіреді.
Жануарлар әлемі бойынша, саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Соның ішіндегі 25 түрі жәндіктер, 3 түрі балықтар, 2 түрі қосмекенділер, 1 түрі бауырмен жорғалаушылар, 12 түрі құстар, 10 түрі сүтқоректілер.
Саябақты ұйымдастырудың мақсаты ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ғ. Ұзақ