- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматының ең қымбат...
Алматының ең қымбат 10 пәтері
Сарапшылар Алматының жаңа тұрғын үй кешендеріндегі ең қымбат 10 пәтерді анықтап, санап шыққан екен. Алматының жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу нәтижесінде анықталғаны - егер сіз тұрғын үй кешендерінен жақсы пәтер алам десеңіз, қалтаңызда кемінде 1 миллион 133 мың АҚШ доллары болуы тиіс, деп хабарлайды kn.kz.
Сонымен назарларыңызға маусым айының қорытындысы бойынша Алматының ең қымбат 10 пәтерінің тізімін ұсынамыз:
10-орын: "Қуат" ТК (тұрғын үй кешені), Панфилов — Гоголь көшелерінің қиылысы. Мұнда бір пәтер үшін 1 миллион 133 мың АҚШ долларын жұмсайсыз (бір шаршы метріне $6914).
9-орын: "Baganashil Seven Stars" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 135 мың доллар (бір шаршы метріне $5304 ).
8-орын: "Академия-1" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 300 мың доллар (бір шаршы метріне $5263).
7-орын: "Пионер" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 400 мың доллар (бір шаршы метріне $2894).
6-орын: "Триумф-2" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 450 мың доллар (бір шаршы метріне $7005 ).
5-орын: "Арман Вилла" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 530 мың доллар (бір шаршы метріне $6120).
4-орын: "Байсал" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 600 мың доллар (бір шаршы метріне $4211).
3-орын: "Новый мир" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 1 миллион 700 мың доллар (бір шаршы метріне $3864).
2-орын: "Ботанический Сад" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 2 миллион доллар (бір шаршы метріне $5666 ).
1-орын: "Столичный Центр" ТК. Пәтердің орташа бағасы – 2 миллион 300 мың доллар (бір шаршы метріне $5423 ).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: yvision.kz
Б. Қосмағамбет